Табиғат, бал және этнотуризм: Коробиха туристер арасында танымал бағытқа айналып келеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның көрікті туристік ауылдарының бірі Коробиха саяхатшылар арасында тартымды бағытқа айналып отыр. 

Табиғат, бал және этнотуризм: Коробиханың туристерді тартудағы артықшылығы
Фото: Kazakh Tourism

2024 жылы 2500 жуық турист Шығыс Қазақстандағы осы елді мекенді таңдады. Жергілікті қонақ үйлер Жаңа Зеландия, АҚШ, Франция, БАӘ, Оңтүстік Кореядан және басқа елдерден келген қонақтарды қарсы алады.

Коробиха ауылы Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында орналасқан. Бүгінде бұл елді мекенде туристерге 170 астам бөлме ұсынатын 11 үй бар. Қонақтар орташа алғанда өңірмен танысуға 2-3 күнге келеді. Саяхатшыларға табиғаттың қайталанбас сұлулығын тамашалау ғана емес, этнографиялық және кең ауқымды туристік бағыттарды таңдау ұсынылады.

Коробиха ауылы
Фото: Kazakh Tourism

Туристік маусым жаз айларымен шектелмейді. Ауыл жыл бойы қонақтарды қабылдайды. Қыста ормандарда серуендеу ұсынылса, көктем мен жазда Бұқтырма өзенінде жүзу, атпен серуендеу және балық аулау көпшілік арасында сұранысқа ие.

Коробиха бал
Фото: Kazakh Tourism

Коробиха бал өнімі - ауылдағы бірегей өнімдердің бірі. Маусым кезінде туристерге балды өндіру турына қатысу және омартадан жаңа өнімді сынап көру мүмкіндігі ұсынылады.

Қонақтар мәдени мұрамен де таныса алады. Ауылда ара шаруашылығы мұражайы, өлкетану мұражайы және қалпына келтірілген көне шіркеу жұмыс істейді.

Коробиха
Фото: Kazakh Tourism

Туристерге үй тағамдарынан дәм тату, қыш құмыралармен және қолмен жазылған көне кітаптармен танысу және ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан қолөнер түрлерін тамашалау ұсынылады.

Жыл сайын Коробиха ауылына келетін саяхатшылар қатары көбейіп, Қазақстанның туристік картасындағы танымалдығы артып отыр.

Айта кетелік шетелдік саяхатшылардың Қазақстанға деген қызығушылығы 3 есе артқан.

Соңғы жаңалықтар