Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Табиғи апаттан зардап шеккен аудандардағы әлеуметтік нысандарды 5 күнде қалпына келтіру жоспарлануда - ОҚО

ШЫМКЕНТ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Апаттық-қайта қалпына келтіру жұмыстарын уақытында аяқтау үшін облыста мердігерлік ұйымдардың санын арттыру және 5 күннің ішінде әлеуметтік нысандардың құрылыс-қайта қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау шешімі қабылданды.

Табиғи апаттан зардап шеккен аудандардағы әлеуметтік нысандарды 5 күнде қалпына келтіру жоспарлануда - ОҚО

Онымен бірге, зардап шеккен 1949 жекеменшік тұрғын үйді қысқа уақытта тексеріп шығу, әрбір нысан мен елді мекенге жауапты тұлғаны бекіту, Сарыағаш пен Созақ аудандарының тұрғындарына көмек көрсететін облыстық қорды құру жоспарлануда. Қысқа мерзімде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары үшін қажетті жобалаушылар мен мердігерлік ұйымдардың саны, сондай-ақ облыстың ірі қалаларындағы құрылыс материалдардың қоры және зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетудің тиімді жолдары анықталатын болады.