Табиғи апаттан зардап шеккен Талас және Сарысу аудандарына 30 тоннаға жуық азық-түлік жеткізілді

ТАРАЗ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Табиғи апаттан зардап шеккен Жамбыл облысының Талас және Сарысу аудандарына 30 тоннаға жуық азық-түлік жеткізілді,

Табиғи апаттан зардап шеккен Талас және Сарысу аудандарына 30 тоннаға жуық азық-түлік жеткізілді

тұрғындар су таситын көліктермен әкелініп жатқан ауыз сумен қамтамасыз етілуде, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

«Төтенше жағдайда тамақпен қамту желісі бойынша автокөліктермен 500 адамға арналған 4 мың бөлке нан және азық-түліктер жөнелтілді, кешке қарай тағы үш мың адам үшін 11 мың бөлке нан жіберіледі. Облыстың тұрақтандыру қорынан Қаратауға жеті тонна картоп, үш тоннан күріш, бір-бір тоннадан қант, өсімдік майы, пияз, 10 тонна ұн бағытталды. Осындай көлемде азық-түліктер Жаңатас қаласына жөнелтілді», - деп нақтылады баспасөз қызметінен.

Зардап шеккен аудандарға азық-түліктер ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша ТЖД-нің ауыр техникасының ілесуімен қалың қар арқылы КамАЗ-дармен және автобустармен жеткізілуде.

Қаратау және Жаңатас халқы үшін Тараз қаласынан су таситын көліктермен 23 мың литр ауыз су жеткізілді. Сондай-ақ Жамбыл стансысынан техникалық қажеттіліктерге арналған су 150 мың литр көлемде үш өрт сөндіру цистерналарымен және Шу стансысынан 180 мың литр көлемде ауыз су аттандырылды.

«ЖЭС» ЖШС-нің жөндеу-өндірістік базасынан дизельдік отын мен бензин толтырылған екі бензин тасушы көлік жіберілді. Онымен қоса, төтенше жағдайға арналған облыстық резервтен 14 тонна бензин мен 8 тонна солярка жеткізілді.

Сарысу және Талас аудандарында облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен ТЖ жөніндегі комиссия жұмысты жалғастыруда. 60 адамнан тоғыз бригада құрылды, облыс аудандары мен Тараз қаласынан жеті бірлік техника жетті. Қалпына келтіру жұмыстары үшін электр тарату желілеріне 11 бригада жөнелтілді. Құрылыс басқармасы қалпына келтіру жұмыстары үшін 182 жұмысшы адамнан, сондай-ақ 60 құрылыс техникасынан құралған 26 құрылыс компаниясын әзірлікке қойды.

Қаратау қаласындағы қазандықты қалпына келтіру жұмыстарына 30 адамнан құралған үш бригада жұмылдырылды. Талас ауданында электрмен қамту желілерін қалпына келтіру бойынша сызбаны әзірлеу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Желі-116 (Ж) және Ж-185 желілері іске қосылды, осылайша, «Қаратау-1» және «Қаратау-2» қосалқы стансыларымен байланыс орнатылды. Рыбачий кентіндегі Ж-114-ті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Қаратау қаласына құрылысқа арналған арнайы техникаға ілесіп бару үшін және Талас ауданында көру мүмкіндігінің шектеулігі және қарлы бұрқасынға байланысты оқиға орнында көмек көрсету үшін ауыр техниканың бес бірлігін бөлді.

Алматыдан «Алматы Жарық Компаниясынан» бригада, телемұнара, екі діңгекпен діңгек тасушы көлік бағытталды. Алматы жоғары кернеулі желілер компаниясы екі телемұнарамен бригада жіберді. Мойынқұм ауданынан екі дңігекпен діңгек тасушы көлік жөнелтілді.

Қаратау қаласының екі мектебінде жылыну және тегін тамақ үлестіру пункттері ұйымдастырылды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.