Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Табиғи апаттан зардап шеккен Жуалы ауданында 245 үйдің 187-сі қайта қалпына келтірілді - Жамбыл облысы

ТАРАЗ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев 12 қаңтарда табиғи апатттан зардап шеккен Жуалы ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

Табиғи апаттан зардап шеккен Жуалы ауданында 245 үйдің 187-сі қайта қалпына келтірілді - Жамбыл облысы

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Табиғи апаттан келген шығынды есептеу бойынша аудандық комиссияның берген ақпаратына қарағанда, Жуалыда 245 үй, 20 әлеуметтік нысан мен бір әкімшілік ғимаратқа нұқсан келген.

Қазіргі уақытта 187 үйде және он әлеуметтік нысанда қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, осы апта соңына дейін қалған нысандарда да жұмыстар аяқталады.

Жергілікті аудандық әкімдік үйлердің шатырларын қайта қалпына келтіру үшін халыққа қажетті құрылыс материалдарын берді.

Ауданда жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстарына 115 жұмысшы мен 17 арнайы техника жұмылдырылды. Бригадалар 140-тан астам тіреуіш қайта қалпына келтірілді.

Жуалы ауданының Әбдіқадыр ауылынан басқа барлық елді мекендері электр энергиясымен толық қамтамасыз етілген.