Табиғи апаттардың саны 16,6 пайызға өсті ? В. Божко

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2007 жылмен салыстырғанда, 2008 жылда елімізде орын алған табиғи апаттардың саны 16,6 пайызға өсті.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатысуымен өткен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Министрдің сөзіне қарағанда, осы табиғи апаттарда жарақат алғандардың саны 4,5 есеге көбейсе, қаза болғандардың саны 6,3 пайызға артты. Олардың 459-ы немесе 94,9 пайызы - өзен мен көлдерде суға батып кеткен азаматтар. «Сондықтан, біздіңше, судағы құтқару қызметтерін Төтенше жағдайлар министрлігінің құзіретіне берудің арқасында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады», - дейді В.Божко. В.Божко атап көрсеткендей, есептік кезеңде техногендік апаттардың саны азайды. Апаттар жиі орын алған аймақтарға Оңтүстік-Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Шығыс-Қазақстан облыстары кіреді.
Соңғы жаңалықтар