Табиғи газды шалғай жатқан ауылдарға жеткізуге болады - Ұ.Қарабалин

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Болашақта табиғи газды шалғай жерде жатқан мекендерге жеткізуге болады. Бүгін «KAZENERGY» қауымдастығының VIII Еуразиялық форумы аясында жастардың сауалдарына жауап берген ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осылай айтты.
None
None
«Бүгінде газ пропан-бутан ретінде жеткізіледі. Ал қазіргі жаңа технологиялардың негізінде табиғи газды да алыс жерлерге тасымалдауға болады. Әрине, оны көптеп жеткізе алмайсың. Дегенмен, соның өзі әжептәуір жылу мен энергияны бере алады. Меніңше, бұл мәселе Қазақстан үшін аса маңызды. Себебі біздің елімізде шалғай жатқан ауылды мекендер көп. Олардың біразы негізгі газ құбырларынан алыс жерде орналасқан. Сондықтан алдағы уақытта сан алуан технологиялық мәселелерді шешудің арқасында табиғи газды шалғай жатқан ауылдарға жеткізуге болады. Бұл міндетті қазіргі жастар абыроймен атқара алады деп ойлаймын», - деді Ұ.Қарабалин.
Соңғы жаңалықтар