08:29, 04 Маусым 2015 | GMT +5
Табиғи қорықтағы зерттеу фотокамерасы қар барысы мен оның екі баласын суретке түсіріп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай зоологтары жаңа «олжаларына» қуанып отыр: Сычуань провинциясының (оңтүстік-батыс Қытай) «Волун» табиғи қорығындағы фотокамераға ақ барыс пен оның екі баласы түсіп қалған, деп хабарлайды Синьхуа.

Қорық әкімшілігінен хабарлағандай, биылғы жылдың 23 мамырында ақ барыстарды зерттеу бойынша 7 адамнан құрылған топ «Волун» қорығының Жэхуйхэ таулы ауданына 8 күндік экспедицияға аттанған. Ілбіс мекендеуі мүмкін теңіз деңгейінен 4 мыңнан астам метр биіктік жерде экспедиция қызметкерлері онда бұған дейін орнатылған екі инфрақызыл таспаларды анықтады. 2 мамырда түсірілген материалдарда аймақта бұл аңның белсенділігін растайтын деректер бар: камера бір ересек жыртқыш пен мен оның екі баласын азық іздеу үстінде түсіріп алған.
Қытайда ақ барыс бірінші санаттағы мемлекеттік қорғауға алынған. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, әлемде 4100-7350 ілбіс бар, соның ішінде шамамен 2500-3500-і Қытайды мекен етуде.