Табиғи монополияларды реттеу комитеті ірі қазақстандық құрылыс компанияларында жүргізілген тексеріс нәтижесін жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті «High Vill Kazakhstan» ЖШС, «Елорда даму» ЖШС, «Атлант Инжиниринг» ЖШС, сондай-ақ «Астанамонолит» ЖШС (Базис) және «Жаңа Қала Құрылыс» ЖШС (Базис) сынды құрылыс компанияларында жүргізілген Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына қатысты тексерісін аяқтады.
None
None

Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тексеру барысында пәтерлерді сатып алушыларға паркингті сатып алу, басқарушы компаниямен шарттар жасасу және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақы төлеуді күштеп таңу фактілері анықталды, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Істер Астана қаласының соттарында қаралып, нәтижесінде аталған компаниялардың ішінен «Елорда даму» ЖШС және «Атлант Инжиниринг» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі кезде BI Group холдингінің еншілес ұйымдары «Шахар НС» ЖШС-ға және «Family Village» ЖШС-ға қатысты сатып алушыларға таза әрлеу талаптарын күштеп таңу, құрылыс салушының пайдалану және коммуналдық қызметтерінің, сервистік компания қызметтерінің шығыстарын өтеу фактілері бойынша монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына тексеру жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар