Табиғи ресурстар мен арзан жұмыс күшіне бағытталған экономиканың дәурені өтті - Ә.Исекешов

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Табиғи ресурстар мен арзан жұмыс күшіне бағытталған экономиканың дәурені өтті. Бұл пікірді бүгін «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясының «Өрлеу» экономикалық клубының мәжілісінде ҚР Президентінің көмекшісі Әсет Исекешов білдірді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі күні елімізде талқыланып отырған өзекті мәселелердің бірі Қазақстанның стратегиялық даму бағыты болып отыр. Бұл мәселе қазірдің өзінде еліміздің алдына тек дағдарыс жағдайындағы ғана емес, одан кейінгі уақытта іске асырылуы тиіс шараларды жоспарлау міндетін қойып отыр. Дағдарыс ерте ме, кеш пе аяқталып, тұрақты дамуға бет аламыз. Алайда тап осы дағдарыс бізге экономикамызда қалыптасқан проблемаларды шешуге ықпал етуі керек», деді Президенттің көмекшісі. Оның сөзіне қарағанда, алдағы жылдары әлемді геосаяси және геоэкономикалық кеңістікте үлкен өзгерістер күтіп тұр. Әлемнің көптеген дамыған мемлекеттері экономикалық саясаттарын өзгерте бастады. «Алдағы онжылдық әлемдегі технологиялық жаңалықтарға толы болады. Енді алдыңғы орынға табиғи ресурстар мен арзан жұмыс күші емес, дамыған адам капиталына негізделген инновациялық экономиканы қалыптастыру мәселесі шығады. Бұның өзектілігін неғұрлым ерте түсініп, оған қатысты шараларды ертерек қолға ала бастаған елдер ұтады. Осыған орай бүгінгі таңда біздің алдымызда дағдарысқа қарсы бағдарламадан бөлек ұзақмерзімді стратегия дайындау міндеті тұр», деді Ә.Исекешов.
Соңғы жаңалықтар