Табылған Боинг сынығының бір бөлігінің ұзындығы - 24 метр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның құтқару миссиясы тапқан Malaysia Airways әуе компаниясының 8 наурыз күні жоғалып кеткен ұшағының қирандылары болуы мүмкін нысандардың бірінің ұзындығы - 24 метр, деп хабарлады ВВС.
None
None

Австралия төтенше жағдайлар ведомствосының өкілі Джон Янгтың сөзіне қарағанда, аталған нысанның не екендігін анықтау өте қиынға соғып отыр. Өйткені табылған нысандар теңіз бетінде қалқып жүр. Белгісіз заттар табылған ауданға Астралия ұшағының соңынан іле-шала АҚШ пен Жаңа Зелландияның да әуе кемелері жөнелтілді. Сәл ертерек Австралияның Премьер-Министрі Тони Эббот елдің жерсерігі Malaysia Airways әуе компаниясының 8 наурыз күні жоғалып кеткен ұшағының қирандылары болуы мүмкін нысандарды тапқандығын жария еткен еді. Оның сөзіне қарағанда, қирандылар табылған ауданға ұшақ жіберілді. Айта кетерлігі, Австралия «Боинг» ұшағын оңтүстік ауданда, яғни Индонезия жағалауынан құрлықтың батысына дейінгі аралықтағы іздеу жұмыстарына басшылық жасауда. 239 жолаушысы болған ұшақты іздеу жұмыстарына қазіргі уақытта 26 ел жұмылып отыр.

Соңғы жаңалықтар