22:05, 03 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Таэквондо: Әлем чемпионы атанып, 20 жылдық арманыма жеттім - Илья Хван
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгін петропавлдықтар темір жол вокзалында Таеквондодан ITF бойынша Әлем чемпионы атанған Илья Хванды қарсы алды.

«9 жасымнан Әлем чемпионы болуды армандадым. Таэквондомен айналысқаныма 20 жыл болды. Аңсаған арманым орындалды! Жастарымыз отанымыздың беделін көтеру үшін пайдалы іспен айналысса екен деймін», - деді чемпион. Илья Хван келесі жылы Қазақстанда өтетін Азия чемпионатына қатыспақ. Еске сала кетейік, таэквондодан ITF бойынша Әлем чемпионаты 24 және 30 тамыз аралығында Болгарияның Пловдив қаласында өтті. Оған 89 елдің өкілі қатысты.