Таеквондодан Азия чемпионаты: Назым Махмұтова қола жүлдегер атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Назым Махмұтова таеквондодан Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медальға ие болды. Бұл туралы ҰОК хабарлады. 

Таеквондодан Азия чемпионаты: Назым Махмұтова қола жүлдегер атанды
Фото: ҰОК

Отандасымыз 73 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті. 

Назым бұл кезеңде Қытай өкілі Сун Цземен кездесті. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша қытайлық таеквондошы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) қола медаль алған еді