Таеквондодан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таеквондодан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Батырбек Еставлетов келді. Сондай-ақ Серік Палмағамбетов мемлекеттік жаттықтырушы қызметіне кірісті.

Батырбек Еставлетов осыған дейін таеквондодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1997-2007 жылдар аралығында ҚР чемпионы және ҚР Кубогы иегері, Жазғы спартакиада жеңімпазы, Азия чемпионатының және бірқатар халықаралық турнир жүлдегері.