Тағы үш облыста ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты тағы үш облыста ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
None
None

13 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. 13 қаңтар күндіз, 15 қаңтар күні тәулік бойы оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - секундына 15-20 метрді құрайды.

13 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

13 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

Сол күні Ақтөбе қаласында түнде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95%.

Соңғы жаңалықтар