Таиландта туристер автобусы апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат -Таиландтың солтүстік-шығысындағы Чайяпхум провинциясында шағын автобус пен жүк көлігінің қақтығысуынан 13 адам опат болды.
None
None

Елдің Бесінші ұлттық телеарнасының хабарлауынша, дүйсенбі күні таңертең Бангкоктан Нонг Буалампху провинциясына жолға шыққан шағын автобус жоғары жылдамдықпен жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, тіркемесі бар жүк автокөлігіне соғылып қалған. Қақтығыстан кейін шағын автобус ортқа оранды.

Салдарынан 13 адам оқиға орнында мерт болды, тағы төрт адам жарақаттанды.

Полиция қызметкерлері автобустың Вьетнамнан экскурсияға шыққан туристерді әкеле жатқанын нақтылады. Қайғылы жағдай автобус жүргізушісінің жолда ұйықтап кетуінен орын алған деген болжам бар.

Соңғы жаңалықтар