11:26, 25 Сәуір 2025 | GMT +5
Таиландта ұшақ теңізге құлады: қаза тапқандар бар
АСТАНА. KAZINFORM — Әуе апаты жұма күні таңертең Хуахин әуежайының маңында болды, деп хабарлайды Bangkok Post.

Ұшақ апатынан үш ұшқышты қосқанда бес адам қаза тауып, бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Хабарланғандай, ұшақ Сиам шығанағында, Петчабури провинциясындағы Baby Grande Hua Hin қонақүйінің маңында құлаған.
DHC-6-400 Twin Otter ұшағының бортында үш ұшқыш, екі механик және әуе инженері болған. Механиктердің бірі із-түзсіз жоғалып, оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Апаттың себебін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін АҚШ-тың Иллинойс штатында бір моторлы ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан төрт адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.