Таиландта яхтаның жарылуы: паспорты өртенген қазақстандықтарға уақытша құжат рәсімделеді
АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Таиландта өртенген яхтада болған қазақстандықтардың құжаттары реттелетінін айтты.

- Яхтадағы жолаушылардың арасында Қазақстанның 4 азаматы болды. Олардың барлығы дін-аман, Таиландта демалысын жалғастыру туралы шешім қабылдады. Екі азаматтың паспорты өртеніп кетті. Ертең Консул оларға уақытша құжаттарды ресімдеп, сонымен Қазақстанға орала алады, - деп жауап берді СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров агенттік тілшісінің сауалына.
Бұған дейін Таиландта қазақстандықтар мінген яхта жарылып кеткені туралы жазған едік.
Ақпаратқа сәйкес, яхта капитаны қозғалтқыш ақауларына тап болып, көмек жіберуді хабарлаған соң жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Осы кезде кенеттен өрт шығып, жарылыс болған.
Сондай-ақ Таиландтағы яхта жарылысынан зардап шеккен қазақстандықтар оқиғаның мән-жайын айтып берді.