Таиландтағы ірі су тасқынының құрбандары саны 600 адамнан асты

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Таиландтағы үш айдан астам уақыт бұрын басталған соңғы онжылдықтардағы ең ірі су тасқыны құрбандарының саны 600 адамға жетті, екі адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.
None
None

Бұл туралы жергілікті үкімет органдары мәлімдеген. Бұдан бұрын 570 адамның құрбан болғаны айтылған еді, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Табиғат апатының салдарын жою жөніндегі басқарманың есебінде айтылғандай, бүгінгі таңда 18 провинция, соның ішінде Бангкок ауданы әлі күнге дейін тасқын құрсауында қалып отыр, 46 провинцияда судың беті қайтып, апат салдарын жою жұмыстары басталды. Ал астананың өзінде 50 ауданның 36-сын ішінара су басқан.

Соңғы 50 жылдағы маусымдық су тасқыны салдарынан Таиландта 77 провинцияның 64-і су астында қалды. 13 миллионнан астам адам немесе елдің әрбір бесінші тұрғыны зардап шекті, миллион гектардан астам күріш алқаптары бүлінді (бұл күріштің жылдық егінінің ширек бөлігі), жүздеген өнеркәсіп кәсіпорыны тоқтады. Сарапшылар су тасқынынан келген зиянды 16-18 миллиард долларға бағалап отыр.

Соңғы жаңалықтар