Такси жүргізушісін өлтірген қылмыскерлер ұсталды - ІІМ

ТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Такси жүргізушісін өлтірген қылмыскерлер қолға түсті. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Такси жүргізушісін өлтірген қылмыскерлер ұсталды - ІІМ

Оның атап өтуінше, қыркүйек айының соңында 57 жастағы такси жүргізушісінің денесі пышақ жарақатымен Қапшағай қаласының жағажай аумағында табылып, «Мицубиси-галант» маркалы көлігі ұрланған.

«Қылмыс пайдақорлық мақсатта жасалғаны анықталды. Күдікті 25 жастағы облыс тұрғыны өзінің танысы Қапшағайда уақытша тұрып жатқан Ресей Федерациясының азаматына автокөлікті иелену үшін такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасау туралы ұсыныс жасаған. Олар таксиге отырып, қала шетіне шыққан кезде жүргізушіні өлтіріп, іздерін суытқан», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, ұрланған көлік Қарасай ауданының Каменка кентіндегі үйлердің бірінің ауласынан табылған. «Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде күдіктілер құрықталып, уақытша оқшаулау орнына қамалды. Автокөлік және қылмыс құралы алынды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Н.Ораз.