Таксистерге патент алған тиімді

ҚЫЗЫЛОРДА.Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Салық кодексіндегі өзгертуге сәйкес биылғы жылдың 1-қаңтарынан жолаушылар тасымалдаумен айналысатын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талон негізіндегі салық төлемі қолданыстан шықты.
None
None
Осыған орай ҚазАқпарат тілшісінің сұрақтарына Қызылорда облыстық салық департаменті бастығының орынбасары Әділбек Бекішев жауап берді. ? Салық есептілігін тапсырудың төрт тәртібі бар. Оның патент негізіндегі арнаулы салық режимі төлемгер үшін жеңіл. Ендігі жерде (жеке кәсіпкер) патент үшін арызын жазады да бір айдан бір жылға дейін патент алады. Егер бір айға оның жалпы табысын 70 мың теңге деп алсақ, ( жанар-жағармайы, қосалқы бөлшегі, т.б. қоса есептегенде) салық төлемі 2747 теңгені құрайды. Зейнетақы қорына оның 1347 теңгесі, әлеуметтік аударымға 539 теңгесі кетеді. Бюджет төлеміне кететіні небәры 861 теңге. Сонымен, кәсіпкер бір айда 20 күн жұмысқа шықса, күніне бар төлейтіні 40 теңгенің шамасында болмақ. Кәсіпкер арызын жазып, жұмысын кез-келген уақытта тоқтата да алады. Сондай-ақ бірге зейнетақы қоры жинала береді. Бұған дейін біздің таксистердің зейнетақы қоры болған жоқ. Демек, бұл төлем өте тиімді. Жеке кәсіпкер үшін жалпы табыс көлемі қандай мөлшерде болғанымен, зейнетақы қорына кететін 1347 теңге мен әлеуметтік аударымға жіберілетін 539 теңге өзгермейді. Өйткені ол заңмен бекітілген. Қазір жалпы табыс көлемін 40 мың теңге деп алып отырмыз. Төлем бұрынғысынан азғантай ғана өзгеріске ұшырады. Қазір бұған кәсіпкерлеріміз де түсіністікпен қарауда. Айналып келгенде, ұтатын да өздері болып шығады.
Соңғы жаңалықтар