Талдаушылар биткоиннің одан әрі төмендеуін болжады
АСТАНА. KAZINFORM – Өткен аптадан бері биткоин бағасы 82 мың доллардан 75 мың долларға дейін төмендеді және бірқатар себептерге байланысты тағы төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Crypto News.
CryptoPotato хабарлауынша, Трамп отбасына тиесілі Trump Media Group-пен байланысты әмияндардың бірі биржаларға 200 млн доллардан астам сомаға криптовалюта жіберген, бұл сату ниетімен болуы мүмкін.
Америкалық кәсіпкер, венчурлық капиталист және миллиардер Марк Кубанның мәлімдеуінше, фиат валюталарының әлсіреуі мен геосаяси тұрақсыздықтан қорғану құралы ретіндегі рөліне сенімін жоғалтқаннан кейін өзінің $BTC-нің көп бөлігін сатып жібергенін.
Трейдер Али Мартинес $BTC-тің басқа инвесторлары биржаларға монеталарды жаппай жіберіп жатқанын атап өтті.
- Соңғы бес күнде биржаларға құны 744 млн доллардан асатын 9 664 биткоин жіберілді, - деп жазды ол Х-те.
Инвесторлардың көбі қаражатты биржаларға тек оларды сату үшін аударатыны атап өтілді.
Осыған дейін блокчейн-талдаумен айналысатын Arkham компаниясы ирландиялық есірткі саудагері, Дублин қаласының тумасы Клифтон Коллинзға тиесілі 500 биткоиннің ($BTC) шамамен он жыл бойы қозғалыссыз жатқаннан кейін қайта аударылғанын хабарлады.