Талдықорғанда 17 жыл халықаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM — Ер адам 2008 жылдың 15 мамырынан бастап есірткі қылмысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеуде болған, деп хабарлайды Polisia.kz.
 
                                              Талдықорғанда полицейлер республикалық «Құқықтық тәртіп» акциясы аясында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдарынан ұзақ жыл бойы жасырынған 54 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.
— Деректерге сәйкес, ер адам 2008 жылдың 15 мамырынан бастап есірткі қылмысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеуде болған. Мұндай әрекет үшін 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұсталған азаматқа полицейлер тиісті шара қолданып жатыр. Аталған іс бойынша барлық жағдай тергеу барысында мұқият тексеріледі, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Полиция қызметкерлері заң мен тәртіп әр азаматтың ұстануы тиіс қағидалар екенін, әр азамат жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылатынын ескертеді.
Осыдан бұрын халықаралық іздеуде жүрген күдікті Грузияда ұсталғанын хабарлаған едік.