Талдықорғанда Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот отырысы басталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Кісі өлтіру ісі бойынша алғашқы сот отырысы Жетісу облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында судья Әділет Бақытовтың төрағалығымен өтті.

сот
Фото: Айгерім Көппаева

Сотталушы – 1992 жылы туған Айбар Жанболат. Сот отырысы кезінде қорғаушы тарап тыңдауды жабық форматта өткізу өтінішін білдірді. Алайда сот өтінішті қанағаттандырмай, сот процесін ашық қалдырды.

сот
Фото: Айгерім Көппаева

Тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы Нұрлан Билібеков айыптау актісін оқыды. Тергеу нұсқасы бойынша, қайғылы оқиға болған күні сотталушы алкогольдік мас күйінде болған. Айзатты ұрып-соғуға қызғаныш себеп болған.

сот
Фото: Айгерім Көппаева

Негізгі сот отырысы 5 желтоқсан күні сағат 10:00-ге белгіленді.

Еске сала кетсек, Жетісу облысында күйеуі әйелін өлтірді деген күдікке ілінгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар