Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікпен ұсталған полицей Марат Күштібаевқа қатысты іс сотқа түсті

Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікпен ұсталған полицей Марат Күштібаевқа қатысты іс сотқа түсті
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Қыз зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған қалалық Полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

«Қылмыстық іс Талдықорған қалалық сотына келіп түсті. Қазіргі уақытта қаралу сатысында», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Еске салайық, былтыр қарашада Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. Пайда болған ақпаратқа сәйкес, қылмыс оның кабинетінде болған.

Соңғы жаңалықтар