Талдықорғанда тәртіп сақшысы зорлаған қыздың адвокаты мәлімдеме жасады

адвокат
Фото: prostooleh/Freepik

Жетісу облыстық Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметі Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысын ұстаған болатын.

«Зорлау» бабы бойынша сараптама тағайындалып, күдікті қамауға алынған. Аты-шулы іс Ішкі стер министрінің тікелей бақылауында, деп хабарлайды Kazinform.

Оқиғаға орай жәбірленушінің адвокаты Нұрлан Молбаев зорлықтың қалай жасалғанын айтып берді. 12 қараша күні учаскелік инспектор қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен 27 жастағы қала тұрғынын Ішкі істер басқармасына жеткізген. Осы жерде анықтаушының кабинетінде сұрақтарға жауап беріп отырған қызды басқарма басшысы кабинетіне әкелуді бұйырады.

- Менің қорғауымдағы азамат басшының кабинеті кіргеннен кейін болған жағдайды айтып, ақталған. Оны мұқият тыңдаған полиция басшысы көмектесетінін айтқан. «Сендей әдемі қызға протокол толтырғызбаймын» деп қызды жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеп, тиісе бастайды. Қазір жәбірленуші тиісті сараптамадан өтті, қылмыс орнынан яғни, Талдықорған қалалық полиция басқармасы басшысының кабинетінен айғақтар алынды. Кабинеттен қызға тиеслі гигиеналық заттар мен ер адамның шауһат ізі табылды, - деді жәбірленушінің адвокаты Нұрлан Молбаев.

Қазір күдікті Ескелді ауданындағы уақытша ұстау мекемесіне қамалған. Оқиға орай облыстың бас полицейі Атығай Арыстанов түсінік берді.

Күдікке ілінген полиция генералы Марат Күштібаев 2022 жылдан бері Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Әуелгіде Талғар ауданында, Іле ауданында және облыстық әкімшілік полиция қызметіндегі лауазымды орында ұзақ жыл жұмыс істеген ол 2019 жылы Алматы облысының жергілікті полиция қызметінің басшысы болып тағайындалған еді. Алайда Күштібаев осы қызметті атқарып жүріп те дауға іліккен болатын. Қол астындағы қызметкерлеріне дөрекелік жасап, боқтық сөз айтқан генералдың дауысы басылған аудио жазба тарап, қоғам талқысына түскен. Даудан кейін қызметінен шеттетілген Марат Күштібаев өткен жылы Жетісу облысының орталығына бас полицей болып оралған еді.

Соңғы жаңалықтар