Талдықорған әкімі қаланың түнгі жарықтандырылуына сын айтты (ФОТО)
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев облыс орталығының көшелерімен түнде рейд жүргізді. Ол қала көшелерін жарықтандырумен айналысатын «Жигули» ЖШС-нің жұмысына көңілі толмағанын жеткізді.
Нақтырақ айтқанда, Жансүгіров көшесіндегі жарық шамдары тіпті жанбайды. Бұл тек осы көшеде ғана емес, өзгеде көшелерге тән кеп. Қала басшысы рейд жүргізу кезінде әкімшілік және өзге де ғимараттар сыртында жарықтандырылу жоқтығына тоқталды. Осыған байланысты, қала басшысы ғимарат басшыларына арнайы хат жолдауды, тез арада жарықтандыру мәселесін қолға алуды тапсырды. Б.Қарасаев «Жигули» ЖШС-і мен ТКШ саласындағы жауапты бірнеше адам жұмыстарына байланысты сын айтты.