Талдықорған әкімі қысқа әзірлік жұмыстарының сапасын бағалады (ФОТО)
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев коммуналдық қызметтердің қысқа әзірлігі жұмысымен танысты. Қабылданған шаралар туралы «Талдықорғанжылусервис» ҚМКП басшысы Манархан Ахымбеков қала басшысына баяндады.
Талдықорғанның жылумен қамту нысандарымен танысу қаланың ең үлкен «Басқуат» қазандығынан басталды, оның жалпы қуаты 289 Гкал-сағат. М.Ахымбеков «Басқуат» жылу энергиясы өндірісі жалпы көлемінің 82 пайызын өндіретінін атап өтті. Жаңа жылыту маусымына әзірлік көктемнен басталды, бүгінде барлық дерлік жұмыстар аяқталды. Қаланың барлық қазандықтары 40 күннен астам стратегиялық қорымен қатты отынмен толық қамтамасыз етілген, отын жеткізу жыл соңына дейін жалғаса бермек. 125 адамнан тұратын ұжым тәулік бойы тұрғындарды ыстық сумен және жылумен қамтамасыз етеді. Бас қазандыққа 860 үй және әлеуметтік-мәдени нысандар қосылған.
«Басқуат» жұмысымен танысқаннан кейін қала басшысы орамдық қазандықтарға жол тартты, олар Талдықорғандағы жылу энергиясының жалпы көлемінің 18 пайызын қамтамасыз етеді. №3, 1 және 5-ші қазандықтарды мысалға келтіре отырып, Б.Қарасаев жылу берушілердің жұмысына баға берді. Қала әкімі «Талдықорғанжылусервис» басшысын сақтық жасай отырып, жылуды әр үйге үздіксіз беру үшін барлық жағдайды қамтамасыз етуге шақырды.