Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінде «Бөбек» қорының бастамасымен «Ризашылық» қайырымдылық мерекесі өтті

sp;ТАЛДЫҚОРҒАН. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінде «Бөбек» қорының бастамасымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін «Ризашылық» қайырымдылық мерекесі өткізілді.
None
None

Бұл мерекеде балалардың қуанышын облыс әкімі Серік Үмбетов бөлісті. Ол бөбектерге үй кинотеатры мен музыкалық орталықты сыйға тартты.

Балалар өз кезегінде әкімге мерекелік концерт қойды. Мерекелік шара мәдениет және спорт қайраткерлерімен кездесумен аяқталды.

Алматы облысында бүгінде үш балалар үйі, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған көмекші мектеп, отбасылық үлгідегі 5 балалар үйі жұмыс істейді, оларда 600 бала қамтылған.

Соңғы жаңалықтар