Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Талдықорған маңында апатқа ұшыраған ұшқыш Әділбек Ысқақов эксклюзивті сұхбат берді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған маңында апатқа ұшыраған ұшқыш Әділбек Ысқақов эксклюзивті сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорған маңында апатқа ұшыраған ұшқыш Әділбек Ысқақов эксклюзивті сұхбат берді

Оқиға кешкі алтылар шамасында болған. Абырой болғанда ұшқыш зардап шеккен жоқ. Госпитальден бүгін толықтай тексеріліп, отбасына оралды.

«Болған оқиғаны радиобайланыс арқылы орталыққа жеткіздім. Бірден шұғыл түрде ұшақты қаланың үстінен және жақын орналасқан ауыл аймақтардан аман алып шықтым. Өзім қарғып түсу әдісін қолдандым. Соның арқасында аман қалдым. Ұшақ ең бастысы құлағанда ешкімге зиян тигізген жоқ. Денеме ешқандай зақым келмеді. Елімді жақсы көремін, жерімді жақсы көремін, Қазақстан елім үшін еңбек ете беремін», - дейді санаулы секундтарда дұрыс шешім қабылдай білген ұшқыш, майор Әділбек Ысқақов.
null  

Əділбек Ысқақов ШҚО, Мақаншы өңірінде 1985 жылы дүниеге келген. Отбасын құрған. Бір қыздың əкесі. Əскери салада қызмет істеп жүргеніне 10 жылдан асты. Ал ұшақпен ұшып жүргеніне 12 жылдай болды дейді, ол. Әділбек отбасында екі бала. Өзінен кейін 1991 жылғы қарындасы бар. Анасы болған жайтты естіген кезде бірден есеңгіреп қалғанын жеткізді.

«Әділбектің әкесі былтыр қайтыс болды. Аруағы қолдады деп білемін. Ұлымның апатқа ұшырап, аман қалғанын естігенде бірден құрбандық шалдық. Қазір өзім Алматы қаласында тұрамын» дейді Әділбектің анасы Күләш Мадиханова.
null  

Естеріңізге сала кетейік, 21 желтоқсан күні Талдықорған маңында әскери ұшақ түнгі жағдайда оқу ұшуын орындау кезінде авиациялық қақтығыстың салдарынан Су-27 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш майор Ә. Ысқақов барынша күш-жігерін салып, ұшақты елді мекеннен әрі қарай бұрып жіберді. Одан кейін қарғып түсу әдісін қолданды. Қақтығыстың себептері мен мән-жайын ҚР Қорғаныс министрі тағайындаған комиссия анықтауда.