«Талдықорған» теміржол стансасының бастығына сыбайлас жемқорлық жасады деген айып тағылуда

ТАЛДЫҚОРҒАН. 2 тамыз. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қазір Алматы облысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Талдықорған» теміржол стансасының бастығына қатысты қылмыстық іс тергелуде.

«Талдықорған» теміржол стансасының бастығына сыбайлас жемқорлық жасады деген айып тағылуда

Бүгін өткен брифинг барысында Алматы облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Айдар Балтағұловтың хабарлағанындай, станса бастығы вагондардың тез жетуі және кедергісіз байланысы үшін мұнай компаниясының бас технологынан 30 мың теңге пара алды, деп айыпталуда.