Талдықорған: жеңіскер сарбаздар бұрынғыдай қатарда болуда

Соғыс қатысушыларына, әскерлердің жесірлеріне, фашистік концлагерьлерьдің бұрынғы тұтқындары мен тыл еңбеккерлеріне бұл мерекенің нышаны ретінде облыс әкімдігінен қызыл қалампыр гүлдері табысталды.
Жиналғандарды Жеңіс күнімен құттықтай отырып, Аңсар Тұрсынханұлы ел Президенті және Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ардагерлерге көпжақты көмек және қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті. Біздің өлкеде бұл бағытта мақсатты жұмыс жүргізілуде. Алматы облысы республикада жергілікті билік көздері ҰОС қатысушыларының коммуналдық төлемдеріне кеткен шығындарды өтеп берген бірінші аймақ болды. Өңірлер мен қалаларда майдангерлер үшін көмір, ағаш тегін жеткізілуде, мерзімді басылымдарға жазылу тегін, телефон құру қызметтері кезектен тыс көрсетіледі.
Өзінің құттықтау сөзінде Аңсар Мұсаханов Ұлы Отан соғысының майдандарында соғысқан қазақстандықтардың есімдері бүкіл адамзат тарихына алтын әріптермен жазылғанынын атап өтті.
Жеңіскер сарбаздар бұрынғыдай қатарда болып, жастарға бағасы жоқ өмірлік тәжірибесін беруде, азаматтық ұстанымда болып, құндылықтар мен патриотизмнің принциптерін алға жылжытуда.
Талдықорған алаңында театрландырылған көрініс өтті. Одан кейін Талдықорған гарнизонының әскери шеруі болды, әскери бөлімдердің қызметкерлері өнерлерін көрсетті.