Талдықорғанда Алматы облысы кәсіпкерлерінің аймақтық кеңесі өтті

Республикада кәсіпкерлікті қолдау жылдан-жылға өріс алып келеді. Мемлекеттік бағдарламалардың ықпалы Жетісу жерінде де айқын байқалып отыр. Кейінгі бес жылда мұнда жалпы көлемі 282 миллиард теңгеден асатын 48 нысан ашылған. Оларда 7 мың 177 адам еңбек етуде. Алматы облысы аграрлық аймақ болып саналатын. Енді оны аграрлық-индустриалды өңірге айналдыру міндеті қойылып отыр. Сондықтан өндірілген өнімдерді қайта өңдейтін кәсіпорындар көбейтіледі. Бұл отандық өнімдердің санын да сапасын да арттырады. Аймақта туризмді дамытуға да маңыз берілмек. Жиында кәсіпкерліктің бүгіні мен ертеңі жайында жан-жақты сөз болды. Ал күнделікті жұмыс барысында туындап жататын сұрақтар мен ұсыныстарға нақты жауаптар қайтарылды.
«Өзіміздің мемлекеттік сатып алуда қазақстандық тауарларды көбірек жеткізу бойынша мәселелерді осы жердегі жергілікті кәсіпкерлермен талқылап, солармен жаңағы пікір алмасу. Бүгін біраз мәселе осы жиында көтерілді. Үкіметке де бұл жаңағы ұсыныстар жеткізіледі. Соның аясында қазір біраз шешімдер қабылданады», - деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.