Талдықорғанда балалардың қатысуымен жарқын қойылым өткізілуде
Орталық алаңда ашылған бұл қойылымның басты кейіпкерлері - балалардың өздері. Бүлдіршіндерді және жасөспірімдерді қала әкімдігінің өкілдері құттықтады.
Балалар көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілері өздерінің таңдаулы жұмыстарының көрмесін ұсынды, балдырғандар сондай-ақ асфальтқа сурет салудан сайысқа түсуде.
Ал қалалық саябақ жанындағы алаңда көңілді концерт бағдарламасы өтуде. Онда облыс орталығы балалар хореографиялық ұжымдарының бишілері, «Әнші балапан», «Сүйкімді кішкентай ару» мектептік байқауларының жеңімпаздары, жас домбырашылар, аккордеоншылар, скрипкашылар өнерлерін ортаға салуда.
Тұрмысы төмен отбасыларының балалары мен мүмкіндігі шектеулі жандар да мерекеден шет қалған жоқ, оларға «Ірбіс» дәмханасында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Мерекелі күннің әрбір концертке қатысушысы және байқау жеңімпаздары ескерткіш сыйлықтармен марапатталатын болады.