16:17, 30 Қараша 2009 | GMT +5
Талдықорғанда ғимараттар мен мекемелердің қасбетін жаңажылдық безендіру байқауы басталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорғанда ғимараттар мен мекемелердің қасбетін жаңажылдық безендіру байқауы басталды.
Қала әкімі Сәкен Жылқыайдаровтың хабарлауынша, облыс орталығын мерекелік безендіру Тәуелсіздік күніне дейін аяқталуы тиіс.
«Біздің қала сыртқы келбеті жағынан басқа облыс орталықтарынан кем түспейді. Сондықтан да мен оның абаттандырылуы мен жаңажылдық безендірілуіне ерекше көңіл бөлуге тапсырма бердім. Бұл жұмысқа дизайнерлер, көркемдеу өнерінен тәжірибесі бар шығармашыл адамдар тартылуда. Өйткені әдемі безендірілген қасбет - қаламыздың көркі», - деді қала әкімі.
Байқауға жүзге тарта ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер қатысуда. Байқау қорытындысы 2010 жылдың қаңтарында шығарылмақ.