Талдықорғанда интернационалист жауынгерлердің аналарына құрмет көрсетілді

ЛДЫҚОРҒАН. 7 қазан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорғанда Ауғанстанда борыштарын өтеп қаза тапқан және мүгедек болып қалған жауынгер интернационалистердің аналарына құрмет көрсетілді.

Талдықорғанда интернационалист жауынгерлердің аналарына құрмет көрсетілді

Бұл іс-шара Қарттар күніне орай ұйымдастырылды.

Ардақты аналарды облыстық әскери бауырластық одағының төрағасы Ержан Данабеков қарсы алды. «Бізді қиындықта жалғыз ойға қалдырып, ұмытып жатады. Бүгін біз шынайы көңілді, өзіміздің қоғамдағы орнымызды сезініп, рухани демалып қайттық», - дейді іс-шараға шақырылған 20 ананың бірі Балқаш Бұқаева.

Батыр ұлдарды тәрбиелеген аналарға көптеген ізгі тілектер айтылды. Кездесу дәмді дастарханнан кейін аяқталды.