Талдықорғанда киіз үйлер қалашығы бой көтереді
ТАЛДЫҚОРҒАН. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Мамырдың 1-7 аралығында Алматы облысының 16 ауданы мен 3 қаласы облыс орталығына қазақтың ұлттық киіз үйлерін тігеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы маркетинг бөлімінің бастығы Жансұлтан Ырғалбеков хабарлағанындай, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, қазіргі заман үлгісінде сай жасалған киіз үйлерде қымыз, шұбат секілді нәрлі сусындар мен қазақтың ұлттық тағамдары сатылады. Қазіргі уақытта аудандар өздерінің киіз үйлерін орнатумен айналысуда. Өткен жылғыдай биыл да ең үздік киіз үй байқауы өткізіледі.Іле ауданындағы түйе өсіретін «Дәулетбекет» шаруа қожалығы шұбатпен қамтамасыз етеді. Барлық жерде шұбат пен қымыздың литрі 350 теңге тұрады. Мұнда келушілер шипалы сусынмен қатар, өте дәмді ұлттық тағам ? сірне, қазақша ет, қуырдақ, құрт, ірімшік, қазы-қарта, кәуәпқа тапсырыс бере алады. «Дәулетбекет» шаруа қожалығы шұбат дайындауды өндірістік жолға қоюды жоспарлап отыр, сәуірдің соңына қарай мұнда түйе сүтін өңдейтін зауыт іске қосылмақ.