Талдықорғанда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ардагерлеріне 75 жаңа пәтер кілттері табысталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласының «Восточный»  жаңа шағынауданында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі Шекара қызметінің ардагерлеріне бүгін 75 жаңа пәтердің кілттері табысталды.
None
None

Үйлер республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттарға салынды. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Шығыс» Шекара қызметі аймақтық басқармасының бастығы Наиль Алдаев қатысты.

Ол ҚР мемлекеттік шекарасын қорғаудағы жоғары кәсіби қызметті атап өтіп, жаңадан қоныстанушыларға жаңа үйлерде отбасылық бақыт тіледі.

Бұдан басқа, әскери қызметкерлердің отбасылары үшін республикалық бюджеттен тағы төрт жаңа үй салынды. Бұл Өскемен, Ақтөбе және Оралдағы үш 60 пәтерлік үйлер, жақында Павлодардағы 75 пәтерлік үй пайдалануға беріледі.

Соңғы жаңалықтар