Талдықорғанда полицейлерге пара бермек болған екі әйел ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Текелі қаласының екі әйел тұрғыны олардың бірін қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін облыстық полиция қызметкеріне пара берді деген күдікпен ұсталды.
None
None

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері апалы-сіңлілі күдіктілерді қолға түсіру шарасын облыстық ІІД-нің әкімшілік ғимаратында өткізді.

Үш күн бұрын әйелдердің біріне қатысты ҚР ҚК-нің 271-бабы ("Жезөкшелікпен айналысуға арналған арналарды ұйымдастыру және жеңгетайлық") бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Жауакершіліктен сытылу үшін күдікті өзінің апасымен бірге жедел уәкілдердің біріне 45 мың теңге көлемінде пара бермек болды, олардың бұл әрекеті бейне бақылау камерасына жазылды.

Лауазымды тұлғаға пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде. Заттай айғақ ретінде ақшаны тапсыру барысы түсірілген жедел бейне ұсынылатын болады. Әзірге күдіктілер ешқайда кетпеу туралы хаттамамен босатылды.

Соңғы жаңалықтар