Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Талдықорғанда республикада теңдесі жоқ балабақша ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 21 маусым. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 140 орынға арналған бірегей балабақша ашылды.

Талдықорғанда республикада теңдесі жоқ балабақша ашылды

Салынған ғимараттың жалпы аумағы 3080,7 шаршы метр, нысанның жобалық құны - 282 607,8 мың теңге.

Бұл балабақшада тіл мүкістігі бар балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін мамандандырылған алты топ ашылады. Балабақшада республикада теңдесі жоқ мамандандырылған логопедтік топ жұмыс істемек.

Балабақшада 39 жұмыс орны құрылған, олардың 21-і педагогикалық құрамның мүшелері.

Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов хабарлағандай, бүгінгі күні тілі мүкіс 202 бала есепке алынған, бұл жағдай бүлдіршіндерді дамыту мен тәрбиелеу үшін мамандандырылған топтар мен мектепалды мекемелерді ашу қажеттігін туғызды.

Қазіргі уақытта қалада 15 мемлекеттік мектепалды мекеме  (11 балабақша мен 4 шағын орталық) жұмыс істеуде.