11:48, 17 Қазан 2015 | GMT +5
Талдықорғанда салынып жатқан нысанның бесінші қабатынан құлаған екі жұмысшы қаза тапты, тағы үшеуі ауруханада
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда салынып жатқан нысанның бесінші қабатынан құлаған екі жұмысшы қаза тапты, тағы үшеуі ауруханада жатыр.

«Оқыс оқиға бүгін таңертең Талдықорған қаласындағы «Арман» зауыты маңындағы ауданда салынып жатқан ғимараттардың бірінде орын алды», - деп хабарлады облыстың құқық қорғау органдарынан.
Олардың мәліметінше, жұмысшылар сылақ жұмысын жүргізіп жатқанда, итарқасынан құлап түскен. Екі құрылысшы оқиға орнында мерт болды, үшеуі облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.