Талдықорғанда «Шақырылушы күні» әскери-патриоттық акциясы өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысынан 55 шақырылушы ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлеріне аттандырылды.
None
None

1 қазаннан бастап бүкіл Қазақстан бойынша азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі шақырылымы өтуде. Осы күзде 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мыңнан аса қазақстандық шақырылуға жатады.

19 қазаннан бастап шақырылушылардың жас толымын әскерлерге қызмет етуге жіберу басталды.

Талдықорғанда қаланың орталық алаңында «Шақырылушы күні» әскери-патриоттық акциясы өтті. Құрлық әскерлерінің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлеріне 55 шақырылушы аттандырылды. Іс-шараның жөн-жоралғысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларының қатаң талаптарына сәйкес жүргізілді.

Акцияға Алматы облысының басшылығы мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері, қоғамдық ардагерлік ұйымдар мен бірлестіктер, Талдықорған гарнизонының әскери қызметшілері және олардың отбасы мүшелері, Талдықорған қаласының оқу орындарының (мектептердің, колледждер мен лицейлердің) оқушылары, бастапқы әскери дайындық оқытушылары, әскери-патриоттық клубтар мен үйірмелердің тәрбиеленушілері, шақырылушылардың ата-аналары және қала жастары қатысты. Шара аясында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскреи құралымдарының қазіргі заманғы қару-жарағы мен киім-кешегі, 48386 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің қоян-қолтық ұрыс бойынша көрсетілімдері, 18404, 54380, 21751, 78639 әскери бөлімдерінің көркемөнерпаздар концерті, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған қойылым, сондай-ақ жастардың флешмобы көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар