Талдықорғанда спорт ардагерлеріне құрмет көрсетілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін облыс әкімдігінде Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов спорт ардагерлері мен халықаралық ареналарда көзге түскен спортшылармен кездесті.
None
None

Өткеріліп жатқан жартыжылдықтың қорытындысы шығарылатын осындай кездесулер дәстүрге айналып, Жетісудағы спорттың дамуына серпін беруде.

Осы жолы әкімдіктің кең залына спорт ардагерлері, бірқатар чемпиондарды дайындап шығарған жаттықтырушылар мен спортты дамыту мәселелеріне жауапты аудындық әкімдіктердің қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында облыс әкімі атап өткендей, осы кездері дене тәрбиесі мен спортты дамытуға 2 млрд. 861 млн. теңге бөлініп отыр, ал 2009 жылы осы мақсатқа 2 млрд. 400 млн. теңге жұмсалған еді.

Негізгі қаржылар «Жетісу» футбол және волейбол кәсіби клубтарын қамтамасыз етуге жұмсалуда. Алматы облысының жетекші спортшыларына төленетін шәкіртақының көлемі өсті.

Одан кейін марапаттау рәсімі өткізілді. Дене тәрбиесі және спорт жөніндегі аудандық бөлімдердің 5 қызметкері грамоталармен, алтауы - алғысхаттармен марапатталды. Алпыс спорт ардагері мен еңбек сіңірген спорт қызметкерлері 20 000 теңгелік сыйақыға ие болды.

Соңғы жаңалықтар