Талдықорғандағы «Берік іргеміз - Елбасымен біргеміз!» атты форумға екі мыңнан астам адам қатысты

АСТАНА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын қолдаған «Берік іргеміз және Елбасымен біргеміз!» атты форум өтті.

Талдықорғандағы  «Берік іргеміз -  Елбасымен біргеміз!»   атты форумға екі мыңнан астам адам қатысты

Ол шараға Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қатысып, сөз сөйледі.

Жолдауды қолдаған форумға облыстың 2 мыңнан астам тұрғыны, атап айтқанда соғыс және еңбек ардагерлері, кәсіподақ өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысшылары, облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер, этномәдени орталықтардың басшылары және т.б. қатысты.