Талдықорғандық балалар Алматы облысы әкімінен рождестволық сыйлықтар алды
христиан шіркеуіндегі діни қауымның барлық мүшелері мен барлық православиеліктерді Рождество мерекесімен құттықтады.
«Сіздерге және жақындарыңызға бақыт пен денсаулық тілеймін. Арамызда бейбітшілік пен келісім орнасын, бірігіп қана барлық қиындықтарды өткере аламыз», - атап өтті ол.
Бұдан басқа, облыс әкімі жиналған қауымға биылғы жылы «халық құрылысы» әдісімен салынып жатқан жаңа шіркеу мен мешіттің құрылысын аяқтау қажеттігін хабарлады.
Отец Григорий (Смурыгин) әкімге православ христиандарына құрмет көрсеткені үшін алғысын білдіріп, «Бәріміз үшін қиын уақытта біз, Құдайдың көмегімен бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқанымызға өте қуаныштымын», - деп айтты.
Өз сөзінің аяғында облыс әкімі балаларды жағымды тосынсый - рождестволық керуенмен қуантты: шыршаның қасына үлкен қораптарға салынған облыс әкімінің сыйлықтары әкелінді.