Талдықорғандық спортшылар шосседегі веложарыс бойынша Қазақстан чемпионатында үздік атанды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Шосседегі веложарыс бойынша төрт күндік қысқы чемпионаттың қорытындысында Алматы облысының спортшылары сегіз медальға, соның ішінде үш алтынға қол жеткізді. Екінші орында - алматылық, ал үшінші орында - солтүстікқазақстандық велошабандоздар.
None
None

Бұл туралы Қазақстанның велоспорт федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы облысының құрамасы 40 шақырымдық жарыста Қазақстан чемпионы атанды. Оның құрамында Григорий Штейн, Сергей Лущенко, Сергей Кузьмин және Дмитрий Риве болды. Григорий Штейн сонымен қатар Ерлан Пернебековтің құрметіне өткізілген критериум жарыста жеңіске жетті. Қыздар арасында бұл сында СҚО өкілі Наталья Сайфутдинова үздік атанды. Сонымен бірге 1 сәуірде Шымкентте маунтин-байк бойынша ұлттық чемпионат басталатыны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар