Талдықорғанның өнеркәсіптік кәсіпорындары өткен жылы 26,3 млрд. теңгенің өнімін шығарды - қала әкімі
ТАЛДЫҚОРҒАН. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорғанның өнеркәсіптік кәсіпорындары 2010 жылы 26,3 млрд. теңгенің өнімін шығарды, өсім қарқыны 122,5 пайызды құрады. Бұл туралы кеше өзінің жыл сайынғы есебінде Талдықорған қаласының әкімі Сәкен Жылқайдаров хабарлады.
Оның айтуынша, өткен жылдың деңгейінен жоғары көрсеткіште өнімді төмендегі кәсіпорындар шығарды. Атап айтар болсақ, «Қайнар АКБ» ЖШС шығарған өнім 2,4 есеге, «Мирас» ЖШС өнімі 1,4 есеге, «Zhersu Rower» ЖШС өнімі 1,3 есе, «Интеграл» ЖШС өінімі 1,2 есе, «ТФ Ажар» ЖШС - 103,2 пайызға артқан.
Ауылшаруашылығында жалпы өнімнің көлемі 4,3 млрд. теңгені құрап, 2009 жылдың деңгейінен 9,4 пайызға асып түсті. Іірі қара малдың, қой-ешкі, жылқы мен құстардың саны артты. 2010 жыл бойына 2 602 тонна ет пен 5 220 тонна сүт шығарылды. Жұмыртқа өндірісі 35,9 пайызға артты.