Талғарда бір көшені Шерзат Полаттың есімімен атау ұсынылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қаза тапқан жасөспірімнің отбасының адвокаты Мейірман Шекеев Талғар әкіміне қаладағы көшелердің бірін – Менделеев немесе Шота Руставели көшесін – Шерзат Полаттың есімімен атауды ұсынды.

Шерзат Болат
Фото: Александр Павский / Kazinform

Заңгер өзінің Instagram парақшасында Шерзат Полаттың қаза болғанына бір жыл толуына орай өткен астан бейнежазба жариялады.

– 16 жасар Шерзаттың қаны төгіліп, қайтыс болған жердегі көшелердің атаулары Менделлев және Русставелли деп аталады. Екеуі де Талғарға, тіпті Қазақстанға еңбек сіңірген тұлғалалар емес. Сондықтан мен Талғар қаласының әкімі Арыстанға Менделеев көшесін марқұм Шерзаттың атымен атауын ұсындым. Ол ұсынысыма мүмкіндігінше қолдау білдіретінін жеткізді, – деп жазды адвокат.

Әкімдік өз кезегінде бұл ақпаратты жоққа шығарды. Адвокат телефон арқылы Талғар әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлымен сөйлескен, әкім оған ономастика бойынша әдістемелік ұсынымдарға сілтеме жасай отырып, шешімді тек комиссия қабылдайтынын түсіндірген.

Ережеге сәйкес, көрнекті тұлғалардың есімдері нысандарға олар қайтыс болғаннан кейін кемінде бес жыл өткен соң ғана беріледі. Ерлік көрсеткен немесе ел тәуелсіздігіне елеулі үлес қосқан азаматтар үшін ғана ерекшелік жасалуы мүмкін.

Бұған дейін Шерзат Полаттың отбасы демеушілердің көмегімен жаңа баспанаға көшетіні белгілі болған еді.

Еске салайық, былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапты.

Шерзат өліміне қатысты 9 адам 23 жылдан 1,5 жылға дейін сотталды.

Тамыз айында апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Соңғы жаңалықтар