Талғарда изолятордан қашқан күдіктінің оқиғасы бойынша салғырттық бабымен іс қозғалды
АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматы облысының Талғар ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдіктінің уақытша ұстау изоляторынан қашып кету фактісі туралы пікір білдірді.

Мәжіліс отырысынан шыққан вице-министр журналистердің сұрағына берген жауабында күдіктінің әлі қолға түспегенін растады.
«Қылмыскерді іздеп жатырмыз, оны ұстаймыз. Іздеп жатырмыз, бұл оңай емес. Барлық шараны қабылдап жатырмыз. Қызметтік тексеру-тергеу жүргізіп жатырмыз. Бәрі жазаланады. Салғырттық бойынша іс қозғалды. Кінәлілерді жауапқа тартамыз», - деді Игорь Лепеха.
Еске салсақ, Алматы облысының полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдіктіге іздеу жариялаған еді.
«Алматы облысы Полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен азамат 1998 жылы туған, Талғар ауданы, Тереңқара ауылы, Новостройка көшесі, №216-үй мекен-жайы бойынша тіркелген Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу саламыз, - делінген хабарламада.