14:27, 15 Наурыз 2025 | GMT +5
Талғарда резеңке дөңгелектер шығаратын зауыт өртеніп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы зауыттан өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ.

— Осы сәтте Алматы облысының өрт сөндірушілері Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы резеңке дөңгелектер шығаратын зауыттағы өртті сөндіруде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Өртті сөндіру жоғары температурамен және үлкен өрт жүктемесімен күрделенуде, — делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ мәліметінше, 112-ге алапат өрттен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс істеп жатыр.

Осыған дейін АҚШ әуежайында American Airlines жолаушылар ұшағы өртеніп кеткені анықталды.