Талғарда тау беткейінен топырақ көшкен аумақта комиссия жұмыс істеп жатыр

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылындағы «Бурабай» коттедж қалашығында топырақ сырғуына байланысты жедел штаб комиссиясының жиыны өтті.

Талғарда тау беткейінен топырақ көшкен аумақта комиссия жұмыс істеп жатыр
Фото: видеодан алынған скрин

Талғар ауданы әкімдігінің мәліметінше, комиссия тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жағдайға байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін талқылап, алдағы уақытта қабылданатын нақты шараларды пысықтаған. 

– Қазіргі таңда тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру, аумақты топырақтан тазарту, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жағдай Төтенше жағдайлар департаменті, сондай-ақ аудан және облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында, - деп хабарлады аудан әкімдігі.

Талғарда тау беткейінен топырақ көшкен аумақта комиссия жұмыс істеп жатыр
Фото: видеодан алынған скрин

Еске салайық, 8 ақпан күні сағат 10:23-те тұрақсыз ауа райы мен топырақтың шамадан тыс ылғалдануынан тау беткейінен жер массасы жылжыған. Сол жағдайдан кейін Баянауыл көшесіндегі №8 және №24а жеке тұрғын үйлердің аумағына топырақ түсіп, бетоннан салынған тіреу қабырғадан асып өткен. 

Талғарда тау беткейінен топырақ көшкен аумақта комиссия жұмыс істеп жатыр
Фото: видеодан алынған скрин

Облыс әкімдігі бұл аумақтағы тұрғын үйлер бұрын тау беткейін өз бетінше кесу арқылы салынғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар